6-8 тамыз аралығында Қазақстанның солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады

Күні: 15:20, 05-08-2020.

Астана. 5 тамыз. ҚазТАГ – 6-8 тамыз аралығында Қазақстанның солтүстік-батысында нөсер жаңбыр жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі. Барлық дерлік жерде найзағаймен жаңбыр жауады, батыста және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, ал Қазақстанның солтүстігі мен орталығында алдағы тәулікте ғана жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл тұрады», - делінген сәрсенбідегі хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: