6 қаңтардан бері Қазақстанға ҚХР-дан 12 мыңнан астам адам келген

Астана. 29 қаңтар. ҚазТАГ – Махамбет Әбжан. 6 қаңтардан бері Қазақстанға ҚХР-дан 12 мыңнан астам адам келген, деп хабарлады ҚР денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
«6 қаңтардан бері Қазақстанға ҚХР-мен мемлекеттік шекара арқылы 12 610 адам келген, олардың ішінде біздің ел азаматтарының саны – 12 365, шетелдіктер – 245», - деді Бекшин сәрсенбі күні.
Оның айтуынша, бұл мәлімет бүгін сағат 07.00-де нақтыланған.
«Қазақстанның барлық өңіріндегі медициналық мамандар олардың 51%-на хабарласқан, яғни 6449 адам және олардан денсаулықтары туралы сұраған. Біз есепке алу үшін 6 қаңтардан бері ҚХР-дан келгендердің барлығымен хабарласуды жалғастырып жатырмыз», - деді ол.
ҚР Қытаймен автобус, жолаушылар пойызы мен әуе хабарламасы тасымалын уақытша тоқтатты, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
Еске салсақ, 2019 жылдың желтоқсан айының аяғында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмонияның өршуі орын алды. Соңғы ақпарға сәйкес, қазір 2.7 мың науқас тіркеліп, олардың 80-і көз жұмған. Көптеген елдер, соның ішінде Қазақстанда да пневмонияның өршуіне орай әуежайлар мен шекаралық бақылау-өткізу пункттерінде бақылауды күшейтті. Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарға коронавирустың таралуына орай Ухань қаласына барудан бас тарта тұруға кеңес білдірді. Соңғы ақпар бойынша, Қазақстан 61 қазақстандық студентті алып кету үшін ұшақпен баруға Қытайдың келісімін күтіп отыр.
26 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдан Қазақстан аумағына коронавирустың таралуын болдырмаудың алдын алу үшін ұйымдастырушылық шараларын қабылдауды тапсырды. Сол күні Қазақстан көрші елден ел аумағына вирустың кіріп кетуінің алдын алу мақсатында «Қорғас» халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы (ХШЫО) және Қытаймен мемлекеттік шекара маңындағы барлық бақылау-өткізу пункттерін уақытша жапты. Кейін белгілі болғандай, «Қорғас» ШЫХО коронавирус профилактикасы мақсатында 15 ақпанға дейін жабылды.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің жанынан cаll-орталық (1406, +7 717 2 76 80 43) іске қосылды. Азаматтар осы нөмірлерге тәулік бойына хабарласып, әлемдегі коронавирусқа қатысты ахуал жайлы және аурудың негізгі белгілері мен алдын алу шараларына байланысты ақпарат ала алады. Бұған қоса, ел билігі қазақстандықтарға әзірге Қытайға барудан бас тарта тұруға кеңес беруде.
ҚР Сыртқы істер министрлігінде де ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылды. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 72-05-49, +7 (7172) 72-01-98, +7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Сондай-ақ, ҚазТАГ ХАА хабарлағандай, Қазақстан коронавирусты әлеуметтік мәні бар қауіпті аурулар тізіміне енгізді.

adimage