6 шілдеде COVID-19 дертімен күресуге көмектесуге келген ресейлік дәрігерлер ҚР-дағы миссияларын аяқтады

Алматы. 4 тамыз. ҚазТАГ - 6 шілдеде COVID-19 дертімен күресуге көмектесуге келген ресейлік дәрігерлер ҚР-дағы миссияларын аяқтады, деп хабарлады ҚР-дағы Ресей елшілігінің баспасөз қызметінен.
«6 шілдеде Ресей денсаулық министрлігі мен Роспотребнадзор желісі бойынша Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы М.В.Мишустин мен Қазақстан Республикасы премьер-министрі А.Ұ.Мамин арасындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту үшін Қазақстанға келген ресейлік мамандар коронавирусты инфекцияның таралуымен күресте республикалық және өңірлік мемдициналық мекемелерге тәжірибелік және консультативтік кеңес беру бойынша өз миссияларын сәтті аяқтады», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, 3 тамызда Ресей ТЖМ арнайы бортымен ресейлік дәрігерлер үйлеріне оралды.
Еске салсақ, 6 шілдеде Нұр-Сұлтанға COVID-19 дертімен күресу үшін Ресейден арнайы рейспен 32 дәрігер келген болатын - эпидемиологтар, вирусологтар мен басқа да саладағы дәрігерлер бар.

adimage