6 тамыздан бастап Қазақстанның үш облысында телерадиохабар тарату сервистері уақытша өшіріледі

Алматы. 6 тамыз. ҚазТАГ – 6 тамыздан бастап Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарында телерадиохабар тарату сервисі уақытша өшіріледі. Бұл туралы «Қазтелерадио» сайтында жарияланған.
«2019 жылдың тамызында Алматы, Павлодар және Қостанай облыстарының радиотелевизиялық станцияларында аналогтық жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстары басталады. Осы жұмыстарға байланысты аталған өңірлерде теле-, радиобағдарламалардың сигналдары уақытша өшірілмек», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
«Казтелерадио» жабдықтарды бұзу-бөлшектеу жұмыстарының кестесін де жариялады, және одан байқайтынымыз жұмыстар қыркүйек айының соңына дейін жалғасады.

adimage