Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – 7-10 сәуірде Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің су алабында қар көшкінінің жүруі мүмкін, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы 7-10 сәуір аралығында Алматы маңында жауын-шашын жауады деп болжанған. Жылымықтың әсерінен қар жамылғысының тұрақсыз болуына байланысты Кіші және Үлкен Алматы (2000 метр биіктігінен жоғары аумақта) өзендері су алабында қар көшкіні жүруі мүмкін», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Синоптиктер көшкін жүру қаупіне байланысты қарлы беткейлерге шықпауға, тауда абай болуға кеңес береді.
Қатысты сілтемелер
-
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде нөсер жаңбыр жауады29 Наурыз 2024, 15:00
-
Бектенов депутаттардың «Отбасы банкіне» қатысты сынына жауап берді29 Наурыз 2024, 14:51
-
Қазақстан Ұлттық банкі World Painting коллекциялық монеталарын айналымға шығарады29 Наурыз 2024, 13:53