«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға берілген өтінімнің жартысынан астамы мақұлданды

Күні: 17:43, 11-03-2019.

Астана. 11 наурыз. ҚазТАГ – «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекаға берілген өтінімнің жартысынан астамы мақұлданды, деп хабарлады Ұлттық банк баспасөз қызметінен.
«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 наурыздағы жағдай бойынша қарыз алуға 117,7 млрд теңге сомаға 10 321 өтініш қабылданды. Оның ішінде 69,9 млрд теңге сомаға қарыз беруге 5 983 өтініш мақұлданды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Еске салсақ, 20 ақпанда Т106,3 млрд. сомаға 5446 өтінімнің мақұлданғаны хабарланған еді.


Жаңалықтармен бөлісу: