«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бойынша қазақстандықтар 125 млрд теңгеден астам сомаға өтінім берген

Алматы. 1 сәуір. ҚазТАГ – «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы аясында қазақстандықтар 125,3 млрд теңгеден астам сомаға өтінім берген, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
«7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 30 наурызындағы жағдай бойынша 125,3 млрд теңге сомаға займ алуға 11021 өтінім қабылданған», - делінген хабарда.
Оның ішінде 75,2 млрд. теңге займ ұсынуға 6450 өтінім мақұлданған.

adimage