«7-20-25» ипотекалық мембағдарламасының қатысушысы Т5 млрд көлеміндегі облигациясын саудаға қойды

Күні: 11:43, 29-01-2019.

Алматы. 29 қаңтар. ҚазТАГ – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ Қазақстан қор биржасы баламалы алаңында 5 млрд теңге көлеміндегі облигацияны орналастыруды жоспарлауда, делінген KASE сайтында.
Облигацияның атаулы құны 1 мың теңгені құрайды, купондық мөлшерлемесі – жылдық 8,50%, төлем мерзімділігі – жылына 1 рет, айналым мерзімі – 12 ай.
«Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ «7-20-25» тұрғын үй мембағдарламасының қатысушысы болып табылады. Ол 2018 жылдың шілдесінде Қазақстанда басталған еді. Ипотекалық ұйым акционері – Қазақстан Халық банкі


Жаңалықтармен бөлісу: