Алматы. 24 қыркүйек. ҚазТАГ - 24 қыркүйектен бастап Қазақстан қор биржасының қайталама нарық секторында "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ облигацияларының сауда-саттықтары ашылды, деп хабарлады KASE сайтынан.
«Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының шешімімен 2018 жылдың 09 шілдесінен бастап KASE қайталама нарық секторында "Баспана" Ипотекалық компаниясы" АҚ (Алматы) KZ2C0M12F921 (KZ2C00004372; KASE альтернативті сауда-саттық алаңы, "облигациялар" нарығы, BASPb1, 1 000 теңге, 20,0 млрд теңге; 370 күн;
жылдық 8,5 % жарты жылдық купон; 30/360) облигацияларының сауда-саттықтары ашылды», - делінген дүйсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, аталмыш облигацияларының KASE сауда-саттық жүйесінде баға белгілеу дәлдігі облигацияның теңгемен көрсетілген "таза емес" бағасының төртінші ондық таңбасына дейін деп белгіленген.
«7-20-25» мембағдарламасына қатысатын «Баспана» ипотекалық мекемесі облигацияларын сауда-саттыққа шығарды
