7 млрд теңге айыппұл салынған Air Astana мемлекетті заң бұзды деп айыптады

    Астана.9 маусым.ҚазТАГ- 7 млрд теңге айыппұл төлеуге міндеттелген Air Astana әуе компаниясы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігін заң бұзып отыр деп айыптады, деп хабарлайды ҚазТАГ тілшісі.
   "Агенттік атап көрсеткен құқық бұзушылық тек жанармай алымын өндіріп алуға қатысты және негізсіз. Ең алдымен, әуе компанияларының отын алымын алуы заңды құқық болып табылады, бұл туралы "Әуе кеңістігін пайдалану туралы" ҚР Заңында көрсетілген. Бүгінгі таңда бұл норма қолданылады, бұл туралы агенттіктің өзі бірнеше рет мәлімдеді. Сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы сот талқылаулары көптеген іс жүргізу бұзушылықтарымен жүргізілді. Әуе компаниясы сот актісіне шағым түсіреді. Ал агенттік жауапкершілікке тарту тәртібін бұзды", - делінген Air Astanaның жұма күнгі хабарламасында.

adimage