Алматы. 6 сәуір. ҚазТАГ – 7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметінен.
«7 сәуірден бастап Алматы қаласында жүруге арналған барлық өткізу құжаттары мен анықтамалардың күші жойылады. Алматы қаласы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабпен карантин кезінде жұмысты жалғастыратын кәсіпорындардың электронды деректер базасы құрылды. Базаға қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін медицина, құқық қорғау, коммуналдық қызмет, БАҚ өкілдері, такси және жеткізу қызметтері мен мемлекеттік орган қызметкерлері енгізілді», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Әкімдік ақпарынша, аталмыш ұйымдардан өтінімдер 1-2 сәуірге дейін қабылданды. Мекеме басшылары қызметкерлеріне 6 сәуірге дейін жарамды анықтамалар берді.
«Сонымен қатар, қала тұрғындары түрлі форматтағы рұқсат қағаздарын көрсеткен жағдайлар жиілеп кетті. Жедел штаб ешқандай рұқсат қағаздар мен арнайы рұқсатнама берілмейтінін ресми мәлімдейді. Тек электронды база ғана жұмыс істейді. Бүгінгі таңда рұқсат алуға өтініш жіберген барлық кәсіпкерлерге рұқсат беру немесе дәлелді бас тартуы бар электрондық хаттар жіберілді. Деректерді толтыру кезіндегі қателіктердің көп болуына, базада жекелеген қызметкерлер мен автокөліктердің болуы немесе болмауына байланысты кәсіпкерлер Алматы полиция департаментінің байланыс орталығына 254 40 07 телефоны арқылы немесе [email protected] электрондық поштасы арқылы тексеруі керек», - делінген хабарда.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайда этиологиясы белгісіз пневмония ауруы тіркелді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, COVID-19 коронавирусынан туындаған пневмониямен ауыратын науқастардың жалпы саны жүздеген мыңнан асса, қайтыс болғандар ондаған мыңнан астам.
2020 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Қытайға автобус қатынасын (29 қаңтардан бастап), жолаушылар пойыздарын (1 ақпаннан) және әуе қатынасын (3 ақпаннан) тоқтататындығы белгілі болды. 6 ақпанда «Қазпошта» Қытаймен пошталық байланысты тоқтатты. 1 наурыздан бастап Қазақстан Оңтүстік Корея және Иранмен әуе тасымалын қысқартты.
Сондай-ақ, коронавирус Венгриядағы қазақстандықтан да табылды.
15 наурызда Қазақстан президенті Тоқаев 16 наурыздан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жариялау туралы өкім етті.
17 наурызда ҚР президенті жанындағы ТЖ режимін қамтамасыз ететін Мемкомиссия Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 19 наурыз сағат 00.00-ден бастап карантин режимін енгізді. Соған байланысты азаматтар мен көліктердің кіруіне және шығуына шектеу енгізілген. 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда және Шымкентте карантин шаралары күшейтілді.
Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырудың 629 жағдайы тіркеліп, 45-і жазылып, алты адам көз жұмған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26