756,6 млн теңгеге «Семей машина жасау зауыты» акционерлік қоғамының 100% акциясы аукционға шығарылды

    Семей. 29 қараша. ҚазТАГ – Семей машина жасау зауытының 100% акциясы аукционға 756,6 млн теңгеге шығарылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.
   "Сауда-саттық түрі: бағаны көтеру аукционы; бастапқы бағасы: т756 661 000; кепілдік жарна: Т87 510 000; (...) атауы: "Семей машина жасау зауыты" АҚ; (...) акциялардың түрі: жай акция; орналастырылған акциялардың саны, дана: 2 147 099; сатылатын акциялар, дана: 2 147 099; сатылатын акциялар, орналастырылғандардың%: 100; қызметкерлердің орташа жылдық саны, адам: 191", - делінген электрондық сауда алаңында орналастырылған хабарландыруда.
   Сатушы және баланс ұстаушы " Қазақстан инжиниринг "Ұлттық компаниясы" АҚ (Kazakhstan Engineering) болып табылады.
    Өтінімдерді қабылдау 9 желтоқсанға дейін жалғасады, сол күні сауда-саттық басталады.


adimage