8 наурызда Астана және Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды

Күні: 15:51, 07-03-2019.

Алматы. 7 наурыз. ҚазТАГ – Желдің күшеюі мен бұрқасын салдарынан Астана мен Ақмола облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Астанада 8 наурызда ертеңгісін және күндіз төменнен сырма соғады және көктайғақ болады. түнде оңтүстік-батыстан жел тұрады, екпіні 15-20 м/с.
«Ақмола облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ. Түнде басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел тұрады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. Дауылды ескертудің ықтималдығы 90%», - делінген хабарда.


Жаңалықтармен бөлісу: