8000 маман заманауи емдеудің әдісін оқып шығады

Астана. 25 қыркүйек. ҚазТАГ – 8000 маман заманауи емдеудің әдісін оқып шығады, деп хабарлады елорда әкімінің ресми интернет-ресурсынан.  
«№ 2 қалалық балалар ауруханасының» базасында Израилден келген травматолог және майтабан бойынша жетекші маман Фишкин Михаэл қатысқан аурухана дәрігерлеріне арналған мастер класс өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқыту барысында Фишкин Михаэл өзінің бірінші операциясын жасап үлгерді және ол сәтті өтті. Оған қазақстандық мамандар да қатысты. Осы тектес тәжірибе мен диагностика, емдеу және оңалту мәселесі бойынша зерттеу нәтижелері: қатысушылар мен халықаралық мастер-классты ұйымдастырушылар алдына осы және басқа да міндеттерді қойған болатын.  
«Мұндай курстар біздің мамандарымыз үшін өте пайдалы. Халықаралық әріптестіктің арқасында біздің дәрігерлер емдеудің жаңа әдісі мен операция жүргізуді үйренеді. Осының арқасында бұрын шетелге барып емделіп келсе қазір өзіміздің ауруханалардың қабырғасында-ақ патология, дерттен айығуға болады. Біздің емхана құрал-жабдықтан бастап ерекше, ал республикалық деңгейде қаладағы кез келген емхана жасай алмайтын технологиялық операцияларды жасай алады. Мұның бәрі де ҚР Денсаулық сақтау басқармасы мен ДСМ қолдауынсыз жүзеге аспас еді», - деді Астана қалалық «№ 2 қалалық балалар ауруханасының» бас дәрігері Біржан Досмаилов. Жас мамандар үшін бұл жедел жәрдем көрсетудің, операция жасау, диагностика қойып үйренудегі жаңа трендтің керемет мүмкіндігі. 2018 жылдың соңына дейін 8000 астаналық маманды оқыту жоспарда бар. Бұл медициналық көмектің сапасын әлдеқайда жақсартып, фельдшердің, доктордың  және жедел жәрдем қызметкерлерінің біліктілігін көтереді. Ең бастысы, көптеген операцияларды шетелге бармай-ақ осында жасатудың мүмкіндігі туады.

adimage