Астана. 5 қараша. ҚазТАГ – Нұргүл Жігер. Алматылық үлкен айналма автомобиль жолының (АҮААЖ) құрылысына инвесторлардың қанша және қалай құятынын концессияның потенциалды қатысушылары 9 желтоқсан күні Лондонда талқылайды, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев.
«Біз қазір АҮААЖ жобасының ақырғы кезеңіндеміз, қараша ортасына таман инвесторларға таныстыра алатын құжаттарымыздың бүкіл қоржынын дайындап аламыз деп үміттенем. Біз 9 желтоқсанда Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) мен Халықаралық қаржы корпорациясының (ХҚК) қолдауымен аталған жобаның потенциалды инвесторларымен жиналыс өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Е. Досаев сәрсенбі күні инфрақұрылымға мемлекеттік-жеке серіктестік (МЖС) жолымен жеке инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі форумда.
Оның айтуынша, АҮААЖ жобасын жүзеге асыру старты 2015 жылдың басына жоспарланған. Мұнымен қатар министр бұл жоба бойынша негізгі проблемалар көбірек психологиялық сипатта деп санайды.
«Біз шешілмей тұрған тағы көптеген проблемаларды көріп отырмыз. Бүгін таңертең серіктестерімізбен аталмыш жобаны (АҮААЖ – ҚазТАГ) талқыладық. Салмақты проблема, бірінші кезекте, адамдардың ділінде. Адамдар өздерінің МЖС-ға деген қарым-қатынасын өзгертуі тиіс», - деп мәлімдеді ҰЭМ басшысы.
Бұған дейін ҚР инвестициялар және даму министрінің бірінші орынбасары Жеңіс Қасымбек хабарлағандай, АҮААЖ құрылысының өтімділік мерзімі 25-28 жыл аралығын құрауы мүмкін. Жобаға Т130 млрд инвестициялануы тиіс.
АҮААЖ ұзындығы 66 км құрайды. Ол І техникалық санат параметрлері бойынша 6 немесе 4 жолақты қозғалыспен салынатын болады. Жолжам бойынша, жолдағы интенсивтілік тәулігіне 38 мың автомобильді құрайды, қозғалыстың есептік жылдамдығы – 150 км\сағ дейін.
Жолда 8 байлама жол, 19 көпір, 19 эстакада мен жол өтпелері қарастырылған. Жоба бойынша конкурс жариялау 2014 жылдың аяғында өтеді.
Қатысты сілтемелер
-
Токаев ЕҚЫҰ Парламент Ассамблеясының президентін қабылдады6 Маусым 2023, 17:11
-
Алматы мен Ашхабад арасындағы әуе қатынасы қалпына келтірілді6 Маусым 2023, 17:06
-
Жыл басынан бері 8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас статусын алды6 Маусым 2023, 17:01
-
Қазақстанда бір аптада 15 адам суға кеткен6 Маусым 2023, 16:56