Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды

Астана. 3 маусым. ҚазТАГ - Ақмәди Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлады ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ақмәди Әділұлы Сарбасов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген сәрсенбідегі хабарда.
Сарбасов еңбек жолын 1994 жылы бастады. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді. 2017 жылдан 2019 жылғы сәуір айына дейін — ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы — ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы. 2019 жылғы сәуір айынан қазірге дейін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып еңбек етті.

adimage