Алматы. 3 сәуір. ҚазТАГ – Ақмола облысы әкімінің орынбасары мен Көкшетау әкімі тағайындалды, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметінен.
«Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша облыс әкiмiнiң ағымдағы жылғы 3 сәуiрдегi өкiмiмен Асқар Мұратұлы Ақмола облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Осы тағайындауға дейiн 2017 жылдан бастап Маратұлы Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы, 2015-2017 жылдары Зерендi ауданының әкiмi, 2012-2015 жылдары Ақмола облысы жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын атқарған..
«Бүгiн өңiр басшысы Ермек Маржықпаев Көкшетау қаласының активiне жаңа әкiмдi таныстырды. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және қалалық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң ағымдағы жылғы 3 сәуiрдегi өкiмiмен Амангелдi Халауденұлы Смаилов қала әкiмi болып тағайындалды», - деді Ақмола облысының әкімдігінен.
Смаилов жаңа қызметке тағайындалғанға дейін 2018 жылдың қарашасынан берi Көкшетау қаласы әкiмiнiң орынбасары болған.
Ақмола облысы әкімінің орынбасары мен Көкшетау әкімі тағайындалды
