Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Күні: 10:43, 11-04-2019.

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Облыс әкімінің ағымдағы жылғы 10 сәуірдегі өкімімен Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Нұркенов Жомарт ЖұмағалиұлыАқмола облысы әкімінің ауыл шаруашылық мәселелері бойынша орынбасары болып тағайындалды», - деп хабарлады сәрсенбіде Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
45 жасар Жомарт Нұркенов әр жылдары Ақмола облысы ауыл шаруашылық басқармасының басшысы (2012 жылдан бастап), Атбасар және Аршалы аудандарының әкімі, Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы; ҚР ауыл шаруашылық министрлігі ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы (2017-2018 жылдар аралығында), Бұланды ауданының әкімі (2018 жылдан бастап) қызметтерін атқарған.
Сонымен қатар, облыс әкімінің 10 сәуірдегі өкімімен Ғайса Бауыржан Сейтқалиұлы Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары - істерді басқарушы болып тағайындалған.
47 жасар Бауыржан Ғайса 2013 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП Көкшетау қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2014-2016 жылдар аралығында «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары, 2016-2018 жылдар аралығында Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы; 2018 жылдан бастап Қорғалжын ауданының әкімі болған.


Жаңалықтармен бөлісу: