Ақмола облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа түсіп қалды

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ – Ақмола облысы коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа түсіп қалды, деп хабарлады COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Сейсенбі күні ұсынылған өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайларды бағалау матрицасына сәйкес қатаң шектеу шараларын енгізу қарастырылған «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан мен Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды және Батыс Қазақстан облыстары бар.
Қолданыстағы карантин шараларын сақтау және олардың сақталуын бақылауды күшейту қарастырылған «сары» аймақта Алматы, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстары бар.
Жағдайы тұрақты, шектеу шаралары ары қарай жеңілдетілуі мүмкін «жасыл» аймақта Түркістан және Қостанай облыстары бар.
Қазақстанның өзі болса «қызыл» аймақта.

adimage