Петропавл. 30 шілде. ҚазТАГ - Ақмола облысы мен СҚО-да белгісіз аурудан мал қырылып жатыр, деп хабарлады «Евразия» бірінші арнасы».
«Ақмола облысына жұт келді. Азат және Қарабұлақ ауылдарында 500 бас ірі-қара малы ауырды. 10-ға жуығы өлді. Ветеринарлар оған аптап ыстық себеп болып отыр дейді, яғни кеуіп қалған шөп сиырлардың ауыз қуысын жарақаттайды екен, содан стоматит болады, бұл малдар үшін жағымсыз, ауыр, кейде тіпті өлімге әкелуі де мүмкін екен», - делінген бірінші дерек көзінің хабарында.
Хабарда атап өтілгендей, белгісіз ауру кесірінен СҚО да жас малдар да өліп жатыр. Мортық ауылында соңғы айда бірден 16 бұзау өлген.
«Малдардың неден өлгенін анықтау мүмкін болмады, өлекселерді бірден өртеп жатыр. Ветеринарлар қандарын сараптама жасауға алуға үлгермеді, алайда ауру белгілерін қарай келіп, бұл осы аймақтарда біраздан бері болмаған эмкар, немесе эмфизематозный карбункул болуы мүмкін деп топшылады. Жағдайды жазғы аптап ыстық күрделендіріп жіберген болуы мүмкін», - делінген хабарда.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34