Астана. 10 қазан. ҚазТАГ – Махамбет Абжан. Ақмола облысы полиция департаментінің (ПД) бастығы Берік Біләлов тергеу амалдары кезеңіне қызметінен шеттетілді, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.
«(ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғұмбаев – ҚазТАГ) жақында сіздер білесіздер, егер қандай да бір басшының қоластындағылар құқықбұзушылық әрекетке баратын болса, онда сол басшының өзі де қатаң тәртіптік жауапқа тартылады деп қатаң ескерткен болатын. Бұл ретте (Ақмола облысы ПД Берік Біләлов – ҚазТАГ) тәжірибелі генарал ретінде қызметінен кету туралы өзі рапорт берді. Министр оны тергеу амалдары кезінде қызметінен шеттету туралы шешім қабылдады. Ал аумақтық департамент басшысын босату мәселесі заңнамаға сәйкес әкімшілік басшысы басқаратын президент жанындағы комиссиямен келісе отырып шешіледі», - деді Калайчиди бейсенбіде ҚР парламенті сенатының кулуарында.
Ол атап өткендей, ұлттық қауіпсіздік органы ІІМ өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерімен бірге қызметін асыра пайдаланушылық анықталған шаралар жүргізген болатын.
«Соған байланысты екі қызметкер: департамент бастығының орынбасары А.Садуов пен қаржылық қамтамасыз ету басқармасының бастығы С.Жұмалина жауапқа тартылуда (…), себебі қылмыстық іс тергелуде. Орынбасарына қатысты бұлтартпас шарасы тағайындалды, білесіздер ол қамауға алынды. Қаржы қызметінің басшысына қатысты – қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес шара тағайындалды. Істі енді ғана тексеруді бастады, нақты сомасы мен нақты айыптаулар туралы кейін белгілі болады», - деді вице-министр.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34