Ақмола облысы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке Т38 млн төлемеген

Күні: 17:33, 09-10-2018.

Астана. 9 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысы жер қойнауын пайдаланушылар бюджетке Т38 млн төлемеген, деп хабарлады өңір прокуратурасының баспасөз қызметінен.  
«Прокурорлардың талдау шеңберінде уәкілетті органдардың қызметінде көптеген бұзушылықтарды анықтағандары аталып өтті. Бұл жер қойнауын пайдаланушылардың 38 млн. теңгеден астам сомаға әлеуметтік аударымдарды бюджетке төлемеу, 43 жер учаскелерінде рұқсат құжаттарының болмау, 37 жағдайда келісім-шарт аумағынан шығып кету фактілері», - делінген сейсенбіде  қадағалаушы орган сайтында жарияланған хабарда.  
Нәтижесінде, прокурорлық ықпал ету шараларымен кең таралған пайдалы қазбаларды тасымалдау кезінде тауар-көлік жүкқұжаттарының болмағаны үшін 147 жүк көлігінің жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
«Көрсетілген бұзушылықтар жергілікті атқарушы органдар Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының, сондай-ақ полиция органдарының тарапынан бақылаудың нашарлауынан мүмкін болды», - деді прокуратурада.


Жаңалықтармен бөлісу: