Ақмола облысында 1,5 тонна пішен дайындалды, ол жоспардың 93%-ы

Көкшетау. 29 шілде. ҚазТАГ – Ақмола облысында 1,5 тонна пішен дайындалды, ол жоспардың 93%-ы, деп хабарлады облыстық ауыл шаруашылығы басқармасынан.  
«Өңірде бүгінге пішен дайындау жұмыстары жалғасуда. Оған деген мұқтаждық 1,6 млн тонна. Қазірдің өзінде 1,495 млн тонна мал азығы дайындалды», - делінген сәрсенбі күнгі хабарда.
Хабарда айтылғандай, шөп бұрынғысынша маялап, рулонмен және тең түрлерінде дайындалуда, ол шөпті тасымалдауға қолайлы. Одан басқа пішендеме дайындау жұмыстары да басталды. Бірақ балауса жемшөп дайындау үшін негізінен тамыз айын пайдаланады, сол кезде облыс аумағындағы қажеттілік белгілі болады.
«Биыл ірі шөп шабу шабындықтары жеткілікті, себебі биыл олар бітік шықты», - деді ведомстводан.

adimage