Ақмола облысында 20-дан астам турнысан ашылуға рұқсат алды

Көкшетау. 6 тамыз. ҚазТАГ - Ақмола облысында 20-дан астам туристік нысан ашылуға рұқсат алды, деп хабарлады мемлекеттік БАҚ.
«Ақмола облысында туристік нысандар аумағында орналасқан жағажайлар жұмысын бастады. (…) Олар арнайы тексерістен өткізілген соң және санитарлық талаптарды сақтаған жағдайда ғана ашылып жатыр, ал оған әлеуметтік қашықтық кіреді: әр демалушыға кем дегенде 4 ш.м. бөлінуі керек. Қазірдің өзінде Бурабайдағы 10 турнысан, Зерендідегі 12 турнысан рұқсат алған. Өңірлердегі суға түсу орындары әзірге жабық. Курорт аймағына кіруге тек жолдамасы барларға ғана рұқсат етілген», - делінген хабарда.
Алмола облысы бас санитарлық дәрігері Серік Омархановтың айтуынша, келушілер, қызметкерлер кірер кезде термометрмен тексерілуі керек.
«Сонымен қатар санитарлық-дезинфекциялық тәртіп қатаң сақталуы керек. Бұл дегеніңіз жағалау маңын, адамдар отыратын шезлонгтарды, орындықтарды зарарсыздандыру – мұның барлығын күн сайын дезинфекциялап тұру керек», - деді бассандәрігердің орынбасары.

adimage