Астана. 12 шілде. ҚазТАГ – Ақмола облысында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында 2,3 млн тонна астық тиелген, деп хабарлады «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметінен.
«Ақмола теміржол бөлімшесінде астық тиеу ағымдағы жылдың 6 айында 2,3 млн. тоннаны құрады. Осы көлемнің 79% Орталық Азия, Иран, ҚХР, Түркия, Бельгия, Италия және Ауғанстан елдеріне эекспортталады. Ал 20% еліміздің оңтүстік өңірлеріне жөнелтіледі», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Хабарда атап өтілгендей, ағымдағы жылдың аяғына дейін ұңтақ өнімдері мен астықтың 6 млн. тоннасы тасымалданады деп жоспарланса, бұл өткен жыл көрсеткішінен 10% көп.
«Республикаішілік қатынаста 1,3 млн. тонна жеткізілетін болса, экспорттық қатынаста – 4,7 млн. тоннасы, бұл 2018 жылғы деңгейден 10% жоғары», - делінген хабарда.
Баспасөз қызметінде хабарлағандай, 636 мың тонна ұңтақ өнімін тасымалдау жоспарланса, соның 423 мың тоннасы – экспортқа.
«2019 жылы Вьетнам, Қытай, Түркия, Италия және өзге де елдерге бөлінген бидай мен ұнның контейнерлік тасымалы көлемі артты. Ақмола жол бөлімшесі бойынша жасымық, бидай мен арпа 900 астам контейнерге тиелді. Бұл тұтынушыларға дейін жүктерді жедел жеткізуді қамтамасыз етіп, вагон айналымы мен тасымалдау уақытын қысқартады», - деді тасымалдаушы.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдарды жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Нұржан Келбұғанов контейнерлік пойыздарды құру процесі бекітілген кесте мен бағыт бойынша тасымалды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті. Осындай құрамдар үшін пойыздардың жүру бағытындағы тұру уақыты қысқарады және тасымалданатын жүктің сақталуы қамтамасыз етіледі.
Хабарда айтылғандай, талқылау барысында жүкжөнелтушілер элеваторлардың демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс кестесіне шағымданды.
«егер жұмыс күндері астық тиеу орташа тәулігіне 15 мың тонна болса, ал демалыс күндері оның бағасы 2 есеге дейін құлдырап шыға келеді. Осыдан вагондар элеваторлар мен диірмен кешендерінің кіреберіс жолдарында тұрып қалады. Тасымалдау процесіне ілеспе және тасымал құжаттарын рәсімдеу кезінде тұрып қалулар мен тиеу кестесінің дұрыс жоспарланбауы ықпал етуде», - деді компаниядан.
«Жылжымалы құрамды тиімді пайдалану астық көлемін барынша көп алып кетуді қамтамасыз етеді және вагондардың жоғарынормативті айналымын қысқартуға мүмкіндік береді», - деп қаперге салған теміржолшылар келісім-шарттық қатынаста жылжымалы құраммен қамтамасыз етпегені мен жоғарынормативті вагондарды ұстағаны үшін айыппұл қарастыру керектігін ұсынды.
Қатысты сілтемелер
-
Ақтөбе облысында пойыз вагондары рельстен шығып кетті27 Наурыз 2024, 16:34
-
Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу жұмыстары аяқталды27 Наурыз 2024, 16:04
-
Ақтөбе әуежайы еріген су тасқынына байланысты жабылды27 Наурыз 2024, 14:51