Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Ақмола облысында 75 жастағы әйелді жәбірлеуші 11 жылға сотталды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Ақмола облысы Целиноград аудандық соты Марат Дүйсекеевке қатысты ҚР ҚК 192 бабы 3 бөлімі 2 тармағы (қарақшылық), 120 (зорлау) және 121 баптары (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, үкім заңды күшіне енген жоқ», - деп хабарлады «Немолчиkz» қозғалысының белсендісі Дина Смаилова сейсенбі күні.
Оқиға 2018 жылдың 30 қыркүйегінде болған. Іс материалы бойынша бұрын адам өлімі үшін жазасын өтеген 32 жасар Марат Дүйсекеев шамамен сағат 4.00-де зейнеткердің үйіне кіріп, оны ұрып-соғып, зорлап, сосын үйін тонап кеткен. Атап өтілгендей, қаскөй қарт кісіні егер айтатын болсаң, өлтіремін деп қорқытқан. Бұл ретте прокурор айыпталушыға тек төрт жыл бас бостандығынан айыруды сұраған. Жәбірленуші әлі күнге дейін есін жия алар емес, жиі есінен танып қалады және денсаулығы да бұрынғыдай емес көрінеді.
Қатысты сілтемелер
-
Экс-министр Асхат Оралов президент әкімшілігінің меминспекторы болды28 Наурыз 2024, 16:03
-
Си Цзиньпин Қазақстанға шілдеде келеді деп күтілуде28 Наурыз 2024, 15:58
-
Тоқаев Қытайда БҰҰ бұрынғы бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесті28 Наурыз 2024, 14:34
-
Ешкім көмексіз қалмайды – Бектенов28 Наурыз 2024, 14:26