Ақмола облысында алдағы екі күнде қатты жаңбыр жауып, жел күшейеді деп күтілуде

Күні: 17:15, 06-09-2019.

Астана. 6 қыркүйек. ҚазТАГ - Алдағы екі күнде Ақмола облысында қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
«7 қыркүйекке қараған түні Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады. 7-8 қыркүйекте кей жерлерде найзағай ойнап, тұман болады. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ығысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады. 7-8 қыркүйекте Көкшетауда тұман күтіледі», - делінген жұма күні дауыл туралы ескертуде.
Синоптиктер дауылдың ықтималдығын 85-90% деңгейінде бағалайды.


Жаңалықтармен бөлісу: