Ақмола облысында АН-2 ұшағы құлады; ұшқыш қаза тапты, екі экипаж мүшесі ауруханаға жеткізілді

Астана. 20 маусым. ҚазТАГ - Ақмола облысында АН-2 ұшағы құлады; ұшқыш қаза тапты, екі экипаж мүшесі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«20 маусымда шамамен сағат 10:00-де Ақмола облысы Целиноград ауданы Родина ауылынан 10 шақырым жерде алқаптарды химиялық өңдеу барысында АН-2 ұшағы құлады. Оқиға салдарынан ұшқыш мерт болды, экипаждың екі мүшесі түрлі жарақат және күйіктерімен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов бейсенбі күні.
Сондай-ақ, хабарланғандай, ұшақтың құлау себебі анықталуда.

adimage