Астана. 20 маусым. ҚазТАГ – Ақмола облысында АН-2 ұшағының құлау дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлады ҚР Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметінен.
«Ақмола облысының ауыл шаруашылығы алқаптарын химиялық өңдеуді орындаған АН-2 ұшағының апатқа ұшырау фактісімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 344-бабы (темір жол, әуе, теңіз немесе өзен көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлерінен тұратын жедел-тергеу тобы құрылды. Ұшақ апатының тергеу барысы Бас көлік прокуратурасының бақылауында», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Бұған дейін хабарланғандай, 20 маусымда сағат шамамен 10-00-де Ақмола облысының Целиноград ауданына қарасты Родина ауылынан 10 шақырым жерде егістік алқабын химиялық өңдеп жүрген АН-2 ұшағы апатқа ұшырады. Апат салдарынан ұшақ ұшқышы қаза тауып, 2 экипаж мүшесі жарақат пен күйік шалып, ауруханаға жеткізілді. Ұшақтың құлау себебі анықталып жатыр. Комиссия құрылды, тексеру жүргізілетін болады.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34