Ақмола облысында астық сақтау қоймасында 46 жасар әйел қаза тапты

Алматы. 6 желтоқсан. ҚазТАГ - Ақмола облысында астық сақтау қоймасында 46 жасар әйел қаза тапты, деп хабарлады облыстың ТЖД баспасөз қызметінен.
«Жақсы ауданының Казақ стансасындағы «Жақсы-Астық» ЖШС астық сақтау қоймасында желтоқсанның 5-де сағат 14:59-да №9 және №8 қоймаларының қабырғаларын қосқан бетон плита құлап кетіп, №8 қоймадағы астық төгілген. Осының салдарынан 1973 жылғы транспортер жұмысшысы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Оның қаза табу себептері анықталуда. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды (СМС)», - деп хабарлады жұма күні Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
Ведомствода нақтылағандай, оқиға орнына ТЖД екі қызметкері мен бір бірлік техникасы, ПБ КЖТТ төрт қызметкері мен бір бірлік техникасы, ТМҚП төрт қызметкері мен бір бірлік техникасы, ЖАО 15 адамы мен төрт бірлік техникасы жұмылдырылды.

adimage