Ақмола облысында дөңгелек үстелге қатысушылар Абай Құнанбаевтың өмірін талдады

Көкшетау. 29 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысында Абай Құнанбаевтың 170 жылдығына арналған шаралар өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасынан.  

«Ақмола облысы Шортанды ауданында ұлы тарихи тұлға, ақын және ойшыл Абай Құнанбаевтың туғанына 170 жылдығы кең көлемде аталып өтуде», - делінген хабарда.

Сонымен, Абайдың 170 жылдығына арналған шара аяында ауданның жастар ресурстық орталығы «Ақмола облысы жастар одағы» жастар қоғамдық ұйымының қолдауымен «Абай ұлы ақын, кемеңгер, дана ойшы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  

Шараға мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері, жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары мен мұғалімдері қатысты. Ұлы ақын және ойшыл туралы қызықты әңгіме өрбіді. Аталмыш шарадан естелік ретінде жастар одағының қолдауының арқасында ұлы Абайдың кітаптары қатысушылардың барлығына сыйға тартылды.  

adimage