Көкшетау. 28 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысында дайындалған кәуаптың ұзындығы бойынша әлемдік рекорд орнатылды, ол Гиннестің рекордтар кітабына енгізіледі, деп хабарлады ҚазТАГ тілшісі.
Гиннестің жаңа рекорды Ақмола облысы Макинск қаласында орнатылды, ол жердің тұрғындары тауықтан ұзындығы бойынша ең үлкен кәуап дайындады.
«Бір мезетте қазір дайын болатын кәуапты 222 адам ұстап тұр. Әлемдік рекорд жасауға бірнеше минут қана қалды», – деді жұртшылыққа жүргізуші.
Атап өтелік, ауа райыға байланысты кәуапқа арналған көмірді бірден жағу мүмкін болмады. Алайда Макинскіде әлемдік рекордқа бәрібір қол жеткізілді.
Ол үшін алып мангал орнатуға тура келді, Сондай-ақ 55 кг көмір, 5 л тұтатқыш, 420 кг ет пайдаланылды. Оны 222 адамның дайындағаны белгілі болды, ал кәуаптың ұзындығы 223 м 60 см.
Қазақстандағы рекордты тіркеп алу үшін Гиннес рекордтар кітабының өкілі келген.
«Кәуап бюджет қаражатына емес, жеке компанияның қаражатына дайындалды», – деп атап өтті Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғали әлеуметтік желідегі өз парақшасында.
Ақмола облысында дайындалған кәуаптың ұзындығы бойынша әлемдік рекорд орнатылды
