Ақмола облысында күн күркіреп, күшті жел тұрады

Күні: 17:59, 27-09-2018.

Астана. 27 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысында күн күркіреп, жел күшейеді деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«28 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с болады. 29 қыркүйекте кей жерлерінде оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
Хабарда нақтыланғандай, Астана қ.: таңертен және күндіз 28 қыркүйекте найзағай күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады күші 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-90 %


Жаңалықтармен бөлісу: