Ақмола облысында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды

Күні: 13:38, 29-10-2019.

Астана. 29 қазан. ҚазТАГ - Ақмола облысында кәсіпкерден пара алды деген күдікпен шенеунік ұсталды, деп хабарлады ҚР сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметінен.
«Ақмола облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі аса ірі көлемде пара алған деген күдікпен «Ақмола облысы мәдениет, мұрағат және құжаттану басқармасы» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Шенеунік 2019 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында кәсіпкерден «Рухани Жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облыстық өлкетану мұражайы мен М.Ғабдуллин ат. мұражайдың реэкспозициясы бойынша орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін жалпы Т15 млн сома көлемінде пара алған деп күдіктелуде. 28 қазанда параның қалған сомасы Т5,7 млн көлемінде алу барысында қылмыс үстінде ұсталып, Көкшетау ПБ УҰИ-ге тоғытылды», - делінген сейсенбіде таратылған хабарда.
Ведомствода атап өткендей, оған бұлтартпас шарасын таңдау мәселесі қарастырылуда.


Жаңалықтармен бөлісу: