Ақмола облысында кей жерлерде төменнен бұрқасын соғады, 17-19 қазанда көктайғақ

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысында төменнен бұрқасын соғады, алдағы үш күнде көктайғақ болады деп күтілуде, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.  
«17-19 қазанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, қазанның 17 күндіз, 18-19 тәулік бойы екпіні 25 м/с жетеді», - делінген дауылды ескертуде.  
«Астана қ.: 17-19 қазанда тұман, көктайғақ күтіледі, қазанның 17 күндіз, 18-19 тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді»,- делінген хабарда.    

adimage