Ақмола облысында Нұр-Сұлтаннан синтетикалық есірткі тасымалдау каналының жолы кесілді

Астана. 5 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақмола облысында Нұр-Сұлтаннан синтетикалық есірткі тасымалдау каналының жолы кесілді, деп хабарлады Қазақстанның ҰҚК баспасөз қызметінен.
«Ақмола облысы бойынша ҰҚКД «PVP» синтетикалық есірткісін («тұз», «ұн», «мұз» және «кристалл») жеткізудің өңірлік каналын ұйымдастырған есірткі тобының әрекетінің жолын кесті. Сонымен, 2019 жылдың 6 қарашасында шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
ҰҚК ақпарынша, ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон), алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы тәркіленген.
«ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті аталмыш деректі ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша СТБТ-ға тіркеді. Ұсталған адамдар Көкшетау қаласы ПБ УҰИ қамауға алынды»,- делінген хабарда.

adimage