Ақмола облысында рейстік автобустармен болатын ЖКО-дан зардап шеккендердің саны 26 адамға дейін өсті

Күні: 09:58, 13-11-2014.

Алматы. 13 қараша. ҚазТАГ – Ақмола облысында рейстік автобустармен болатын ЖКО-дан зардап шеккендердің саны 26 адамға дейін өсті, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«Астанадан 6 км жердегі Астана-Қоянды көлік жолының 21 шақырымында «Қоянды-Астана» бағытымен бет алған №38 маршруттық автобусының жүргізушісі көктайғақ жағдайында рөлдік басқаруға ие бола алмай, автобустың оң жанмен аударылуына жол берген», - делінген бейсенбідегі хабарда.
Автобуста 70-ке жуық адам болған, олардың 26-сы әртүрлі жарақаттармен Астана ауруханасына жеткізілген. Медициналық бақылаудан кейін жапа шегуші 20 адамға амбулаторлық емдеу тағайындалды; 6-ауы төсекке таңылды.
Еске сала кетейік, жол апаты 12 қараша күні 09.30-да орын алған.


Жаңалықтармен бөлісу: