Ақмола облысында синоптиктер күн күркірейді және бұршақ жауады деп болжауда

Астана. 10 маусым. ҚазТАГ – 11 маусымда Ақмола облысында синоптиктер күн күркірейді және бұршақ жауады деп болжауда, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«11 маусымда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Көкшетау қ: күндіз 11 маусымда найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген дүйсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 90-95%.

adimage