Ақмола облысында әскери қызметкер алаяқтығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды

Күні: 13:16, 26-10-2018.

Алматы. 26 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысында әскери қызметкер алаяқтығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Ақмола горнизоны әскери сотының баспасөз қызметінен.  
«Ақмола горнизонының әскери соты әскери қызметкер Ж.-ға қатысты ҚР ҚК 190б. 4б.2т. бойынша (алаяқтық) қылмыстық істі қарады. (...) Сот үкімімен Ж. ҚР ҚК 190б.4б.2т. қарастырылған қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылып, оған жеке мүлкі тәркілене отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - делінген хабарда.  
Сондай-ақ, сот үкімімен ол «подколковник» әскери атағынан айырылды және одан мемлекетке кіріс ретінде Т22 432 410 сома көлемінде келтірілген шығын өндірілді.  
«Подполковник Ж., тұрғын үй комиссиясына жылжымайтын мүлкінің жоғы туралы жалған анықтама ұсыну арқылы Т22 432 410 сома көлемінде қызметтік баспананы қайтарымсыз жекешелендіру құқығының орнына ақшалай  өтемақы алған. Осылайша, Ж. алдау арқылы мемлекетке аса ірі көлемде зардап келтірген», - делінген хабарда.  


Жаңалықтармен бөлісу: