Ақмола облысындағы мектепте бром жылыстауы орын алды; 160 адам эвакуацияланды

Күні: 10:57, 18-11-2014.

Алматы. 18 қараша. ҚазТАГ – Ақмола облысы Баянбай ауылдық орта мектебінде бром жылыстауы орын алды; 160 адам эвакуацияланды, оның ішінде 120-сы сәби, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
«17 қараша күні 14.07-де Бурабай ауданы Кенесары ауылдық округінің Баянбай ауылдық орта мектебінде бром жылыстауын жою бойынша апаттық-құтқару жұмыстары жүргізілді», - делінген сейсенбідегі хабарда.
ТЖД мәліметінше, 160 адам эвакуацияланды, оның ішінде 120 сәби бар.
Мектепте бром жылыстауының себептері нақтыланбай отыр.
Оқиға орнына 7 адам көлемінде №3 өрт бөлімінің қызметкерлері шығып кеткен.


Жаңалықтармен бөлісу: