Ақмола облысында әйел мен 11 жасар қыз бала ыстан уланып қайтты

Астана. 21 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысында әйел мен 11 жасар қыз бала ыстан уланып қайтты, деп хабарлады Қазақстанның ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
«19 қазанда Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск қаласында жеке тұрғын үйде қатты отынмен жылытылатын жылыту пешін қолдану барысында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталмауынан 1997 жылы туған әйел мен 2008 жылы туған қыз бала көз жұмды», - деп хабарлады дүйсенбіде ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов дүйсенбі күні.
ТЖД-де кезекті рет қазақстандықтарды жылыту пешін пайдалану ережесін қатаң сақтауды ескертті, оларды бұзу адам өліміне алып келуі мүмкін.
«Жылыту пешін пайдалану барысында мыналарға жол берілмейді: 1) жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға; 2) пештің алдына жағуға дайындалған отынды, басқа да жанатын заттар мен материалдарды қоюға; 3) қатты отынмен жылытылатын пешті тұтатуға жеңіл тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға 4) жанатын заттар мен материалдарды (аяқ киім, киім және отын) пештің үсті мен мұржалардан 0.5 м дейінгі қашықтықта кептіруге болмайды», - деп атап өтті ТЖ комитетінен. .
Оттағы күл мен қоқыс жанып болғаннан кейін тазартылып, арнайы орынға шығарылып тасталуы керек. Отын (көмір) жанатын құрылыстан 8 м жақын емес жерде арнайы бейімделген жайларда немесе алаңдарда сақталуы керек..
«Түтін шығатын трубалар, мұржалар мен жылыту пештерінің басқа да құрылғылары күйеден жылыту маусымының алдында және жылыту маусымы барысында келесідей тіртіппен тазартылуы керек: 1) үш айда бір рет – жылыту пештері үшін, 2) екі айда бір рет – үзіліссіз пайдаланылатын пештер мен ошақтар үшін», - деп еске салды Нұрахметов.

adimage