Ақмола облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды

Астана. 17 қазан. ҚазТАГ – Ақмола облысында жұма күні дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«18 қазанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 18 казанда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі», - делінген бейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage