Ақмола облысында жараланған екі аңшы инспектордың біреуі қайтыс болды

Астана. 23 шілде. ҚазТАГ – Ақмола облысында жараланған екі аңшы инспектордың біреуі қайтыс болды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Қаныш Нұртазинов – оқ көкірек қуысын тесіп өткен, ауруханаға жеткізілгенге дейін көз жұмған», - деп хабарлады сейсенбі күні Жарқайың аудандық әкімдігінен ҚазТАГ ХАА тілшісіне.
Сонымен қатар аудандық әкімдікте хабарланғандай, екінші қорықшы Самат Спанов алдыңғы көкірек қуысынан оқ жарақатын алған.
«Ол сол жақ жоғары үшінші иық сүйегінен жарақаттанған», - деді агенттікке сұхбаттасушы.
Еске салсақ, 23 шілдеде шамамен сағат 11.00-де «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторлары Ақмола облысы Жарқайың ауданында табиғатты қорғау заңнамасын бұзғандардың алдын алу шарасын жүргізген және киік ату фактісін анықтаған. Заң бұзушылардың ізіне түскенде 10 өңірге – Қостанай облысына тиесілі ақ түсті «Нива» маркалы автокөліктен (мемлекеттік нөмірі белгісіз) оқ атылып, «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК екі инспекторы жарақат алды. Ақмола облысы Жарқайың ІІБ күдіктілерді іздестіруде, оларды шұғыл ұстау жоспары жарияланған

adimage