Ақмола облысында жол құрылысына жоспардан артық 2 мыңнан астам жұмысшы тартылған

Алматы. 30 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысында жол құрылысына жоспардан артық 2 мыңнан астам жұмысшы тартылған, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Орталық-Шығыс бағыты бойынша Астана-Ерейментау-Шідерті жолын қайта жөндеу жүріп жатыр. Жолдың жалпы ұзындығы облыс аумағында 189 км (7 учаскеге бөлінген). Жалпы құны 110 млрд теңге және іске асыру мерзімі 2014-2017 жылдар. Одан басқа, жоспармен екі деңгейлік 10 көлік жолайырығы, темір жол арқылы бір өткел, Софиевкада жол пайдалану учаскесі, Ерейментауда ЖПҚ мен Торғай кентінде жылыту пункті  қарастырылған. Берік Желдікбаев («Қазавтожол» АҚ филиалының директоры – ҚазТАГ) атап кеткендей, жолдың жеті учаскесінде жоспардан артық 1049 дана жолқұрылыс техникасы, 2 мыңнан астам адам жұмыс істеп жатыр», - делінген «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру мәселесі бойынша өткен аппарат кеңесінің қорытындысы бойынша таратылған ақпараттық парақшада.  
Бұл ретте атап көрсетілгендей, Орталық-Батыс бағыты бойынша ҚР инвестициялар және даму министрлігінің автожолдар комитеті Астанадан Ақтауға дейін өтетін трассаның үш нұсқасын әзірлеу жүріп жатыр.
«Олардың біреуі облыстар үшін қызық, себебі ол Астана- Жантеке - Егіндыкөл - Арқалық - Шалқар - Ырғиз – Ақтау бағытымен өтеді.
Қазір жұмыстар Орталық-Оңтүстік және Орталық-Шығыс бағытында жүріп жатыр. Ақмола облыстық филиалға жолдарды күтуге барлығы 45,7 млрд теңге бөлінген. Астана-Теміртау жолын қайта жөндеу 2013-2016 жылдарға есептелген және облыс арқылы 76 км жол өтеді, ал оның жалпы құны 56,3 млрд теңге», - делінген хабарда.
Б. Желдікбаевтың айтуынша, барлық жұмыстар кесте бойынша жүріп жатыр.

adimage