Ақмола облысында жыл басынан бері 6 мыңдай жұмыс орны құрылған

Kөкшетау. 20 шілде. ҚазТАГ  Жыл басынан бері Ақмола облысында 5830-дан астам жаңа жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
«2015 жылдың қаңтар-маусымында Ақмола облысында 5830-дан астам жаңа жұмыс орны құрылды, олардың 2899-ы тұрақты», - деп мәлімдеді отырыста облыс әкімінің орынбасары Дәурен Әділбеков.
Әкім орынбасарының айтуынша, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 2015 жылы республикалық бюджеттен Т4,5 млрд бөлінген.
«Нұрлы жол» бағдарламасының аясындағы құрылыстан бөлек, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы жалғасатын болады. Тек 2010-2014 жылдары осы бағдарламаны жүзеге асыру желісі бойынша 260 мың жұмыс орны құрылған болатын. Және бұл жұмысты жалғастыруға бюджеттен осының өзінде қаражат бөлінді.
«Сондай-ақ 2015 жылы индустрияландыру желісі бойынша 75 нысанның құрылысы жоспарлануда, ол 7,5-8 мыңнан аса жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деп толықтырды Д. Әділбеков.
Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша 582 жұмыс орнын құрумен бірге Т650,1 млн сомасына 33 жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. 131 жұмыс орнын құрумен бірге Т484,6 млн сомасына дәрігерлік амбулатория құрылысы бойынша 7 жоба жоспарлануда. «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» екінші бағыты бойынша 287 адамға кәсіпкерлік негіздерін оқыту, Т489 млн сомасына бағдарламаның 163 қатысушысын шағын несиелеумен қамту жоспарланған. Үшінші бағыт аясында жастар тәжірибесіне 286 орын таныстырылады, әлеуметтік жұмыс орындарына 458 адам, кәсіби оқытуға 24 адам бағытталды.
Өңірде Целиноград ауданы «Родина» аулындағы 8 бір пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысына және Калачи және Красногорскі елді мекендерінен тұрғындарды көшіруге арналған тұрғын үй құрылысына және (немесе) сатып алуға Т2,1 млрд бөлінгенін атап өткен жөн.
Жалпы алғанда облыс бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрады, ресми жұмыссыздық  0,4%. Жұмыспен қамту қызметтері арқылы 3769 адам жұмысқа орналастырылған. Қоғамдық жұмыстарға 2269 адам бағытталған. Былтырғы жылдың дәл осы кезеңіндегі деректермен салыстырғанда кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтардың саны 301 адамға қысқарып, 488 адамды құрады. Бұдан басқа, 2370 аз қамтылған азаматқа Т28,3 млн сомаға әлеуметтік көмек көрсетілді.

adimage