Ақмола облысының полициясы планшеттерге Т55 млн жұмсауға дайын

Көкшетау. 22 қыркүйек. ҚазТАГ – Ақмола облысының полициясы планшеттерге Т55 млн жұмсауға дайын, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Тапсырыс беруші – "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ақмола облысының Полиция департаменті" мемлекеттік мекемесі; атауы – планшет; бір данасының бағасы – Т229 687,5; саны – 150 дана; жоспарлы сомасы – Т34 453 125», - делінген мемлекеттік сатып алу порталында 21 қыркүйекте жарияланған екі лоттың бірінің сипаттамасында.
Басқа лот бойынша Ақмола облысының полициясы 150 принтер сатып алуды жоспарлап отыр. Олардың әрқайсысының бағасы Т135 535,72 деп көрсетілген. Сонда жалпы бағасы Т20 330 358.
Техникалық ерекшелікке сәйкес, планшеттер  Android операциялық базасының жүйесінде болуы, ал принтерлер түбіртектер мен этикеткалар шығаруға арналған болуы тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер қабылдаудың алдын-ала мерзімі 5 қазанда 18.43-те басталып, 20 қазан 18.43-те аяқталады.

adimage