Ақмола облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді

   Көкшетау.31 наурыз.ҚазТАГ- Ақмола облысының өзендерінде мұзды жару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.
   «Ақмола облысының өзендерінде мұз кептелістерін жою бойынша жару жұмыстарының екінші кезеңі жүргізіліп жатыр. Ерейментау ауданы Еркеншілік ауылының маңындағы Қарасу өзенінде және Шортанды ауданы Пригородное және Октябрьское ауылдарының маңындағы Колутон өзенінде үлкен мұз блоктары жарылған. Жұмыстың жалпы ауданы – 1100 шаршы метр. 200 келіге жуық жарылғыш зат жұмсалды", - делінген жұма күнгі хабарламада.
Жүргізілген жұмыстар өзен арналарының өткізу қабілетін арттыруға, еріген қар суы мен мұз массаларының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
  Өңірдегі су тасқыны жағдайы облыстық және өңірлік су тасқынына қарсы жедел штабтардың бақылауында.

adimage