Ақмола және Түркістан облыстарында 8-10 сәуірде дауылды ескерту жарияланды

Астана. 7 сәуір. ҚазТАГ – Ақмола және Түркістан облыстарында 8-10 сәуірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«8 сәуірде Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Көкшетау қ.: 8 сәуірде кей уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады 15-20, екпіні 23-28 м/с», - делінген сейсенбіде таратылған дауылды ескертуде.
Хабарда айтылғандай, 8 сәуірде, 9 сәуірде түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 8 наурызда түнде екпіні 25 м/с күтіледі.
«9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-5 градус аяз, оңтүстікте 3 градус жылыға дейін күрт төмендеуі күтіледі. Шымкент қ.: 8 сәуірде тәулік бойы, 9 сәуірде түнде және таңертең қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15- 20 м/с күтіледі. 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аяз дейін күрт төмендеуі күтіледі. Түркістан қ.: 9-10 сәуірде түнде ауа температурасы 0-2 градус аяз дейін күрт төмендеуі күтіледі», - делінген хабарда.
Дауылды ескертудің ықтималдығы 85-90%.

adimage