Астана. 8 желтоқсан. ҚазТАГ – Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін ресми түрде растады, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«12 желтоқсанда мемлекет басшысының төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді. Жиын барысында еліміздің биылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы есеп беріледі және Үкіметтің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары қарастырылады деп жоспарланып отыр», - делінген бейсенбідегі Ақорда хабарында.
Еске салсақ, Тоқаевтың минкабинетінің кеңейтілген отырысын өткізетінін бірінші болып ҚазТАГ агенттігі хабарлаған еді. Атап айтсақ, агенттік ақпаратқа қанық дерек көзінің бұл отырыста ЖЭО-дағы апаттарға қатысты үкімет пен өңірлік биліктің әрекеті талқыланатынын, кей өңірлер, энергомині, олигархтар жылумен қамту міндетін орындай алмағаны туралы сөздерін келтірді. Бұл үшін олардан қатаң сұраныс болады, тіпті кадрлық ауысу болуы да мүмкін екенін хабарлаған еді.
Қатысты сілтемелер
-
Түркістанда жолдарды түгендеу және паспорттау қызметіне Т150 млн жұмсамақ28 Наурыз 2024, 17:22
-
ТЖМ Қазақстандағы су тасқыны бойынша жедел ақпарат ұсынуға қауқарсыз болып шықты28 Наурыз 2024, 17:17
-
Ауыр қылмыс жасаған екі күдікті Түркиядан Алматыға жеткізілді28 Наурыз 2024, 17:07
-
Тоқаев ЭЫДҰ бас хатшысымен кездесті28 Наурыз 2024, 16:51
-
Қазақстанда 15 сәуірден жол жүрісі қауіпсіздігі бойынша жаңа жобаның пилоты басталмақ28 Наурыз 2024, 16:34