Астана. 3 маусым. ҚазТАГ – Согдияна Идрисова. Ақорда алдындағы алаңда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен және премьер-министр Асқар Маминмен кездесуді талап етіп жатқан көп балалы әйелдер өздерінің талаптарын айтты, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Біздің өз үйіміз жоқ. Біз үйлі болғымыз келеді. Енді үйлер тек жалға беріледі дейді, ал біз ары қарай сатып алу құқығымен берілгенін қалаймыз. Біз балаларымыздың балалық шағының жарқын болғанын, олардың өз бұрыштары болғанын қайлаймыз. Қазір біз жатақханада жалға тұрып жатырмыз. Мұндағы әйелдердің барлығы жатақханада тұрып жатыр», - деді Ақгүл есімді келіншек.
Көп балалы ана Ақордаға келген әйелдердің 12-13 ш.м алаңда тұрып жатқандарын айтты.
«Мен алты баламмен тұрып жатырмын. «Күміс алқам» бар. 20 шаршы метр пәтерде сегіз адам тұрып жатырмыз. Ұлым бар, қызым бар, әр түрлі жыныстағылар, мысалы. Пәтер жалдап тұратын мүмкіндігіміз жоқ – тек күйеуім ғана жұмыс жасайды. Әлбетте баламен жұмысқа алмайды. (...) Студенттер жатақханасында тұрып жатырмыз, бізге шыдап отырғандарына рақмет, Т50 мың төлейміз. Жатақханада жағдай жоқ, төрт қабатқа, яғни 45 бөлмеге бір ғана душ», - деді елімізідң боғары басшылық өкілдерімен кездесуді талап етіп жатқандар арасында тұрған Ақгүлдің қасындағы көп балалы ана Гүлжанат Рүстемова.
Ол елордаға құрылысшы-күйеуімен бірге 10 жыл бұрын келгенін нақтылады.
«Сонымен осында қалдық, сол 10 жыл ішінде алты балам дүниеге елді, «Күміс алқа» алдым, жаңа ғана сұрадым, тағы қанша күтем деп. Мен 2045-шімін, сонда маған «тағы төрт-бес жыл» дейді. Ойлап қараңызшы! Ол кезде менің балаларым өседі. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» салуға мүкіндігіміз жоқ, себебі менің балам әлі кішкентай,бір жарым жасар, мен жұмыс жасамаймын, тек күйеуім ғана жұмыс жасайды. Мүлдем жетпейді. «Күміс алқа» үшін берілетін жәрдемақы Т16 мың, ал көп бала үшін алатыным Т10 мың. Болды», - деді Рүстемова.
Бұған дейін хабарлағандай, ондаған әйел алдымен Ақорда ғимаратына келді, сосын үкімет пен парламент арасындағы алаңға көшті.
Көпбалалы аналар қордаланып қалған проблемаларының шешімін табуды, баспанаға қатысты бұған дейін берілген уәделердің орындалуын талап етуде.
Олармен кездесуге Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов, вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова, сондай-ақ, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев келді. Олар әйелдерге әрқайсысының проблемасын жекелей қарастыру үшін ішке біртіндеп кірулерін сұрады, алайда көп балалы аналар Тоқаев, Назарбаев пен Мамин олармен кездесуге шықпайынша ешқайда кетпейтіндерін айтып, олардың ұсыныстарынан бас тартты.
Көп балалы аналар айтқан проблемалар қашан шешімін табады деген сұраққа билік өкілдері проблемалардың кезең-кезеңімен шешіліп жатқанын мәлімдеді. Алайда әйелдердің өздері ол мәлімдемені теріске шығарып, ешқандай проблеманың шешілмегенін атап айтуда.
Оқиға орнында ҚазТАГ ХАА тілшісі жұмыс жасап жатыр.
Көп балалы аналардың азаматтық акцияларға қатысуы Астанада 4 ақпанға қараған түні Сарыарқа ауданы Шыңғыстау көшесі бойындағы жеке тұрғын үйдің ауласында бөлек орналасқан уақытша жайдан өрт шыққаннан кейін жиілеп кеткен. Өртті сөндіру барысында бес баланың мәйіті табылған: 2006, 2008, 2013, 2015 және 2018 жылы туылған. Құтқарушылар нақтылағандай, ата-аналар ол кезде жұмыста болған. Көптеген қазақстандықтың пікірінше, егер елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай түнгі ауысымдағы жұмысқа бару үшін балаларын қараусыз қалдыруға тура келмейтіндей жағдай жасаса ғана қайғылы жағдайдың алдын алуға болар еді.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде азаматтардың жұмысқа орналастыру және жалақыларын көтеру туралы жаппай талап қоюы, сондай-ақ ірі қалалардағы, соның ішінде Астана мен Алматыдағы көп балалы аналардың митинг өткізуі халықтың көңілі толмаушылықтың нәтижесі болып отыр.
Осы жағдайларға байланысты Назарбаев экс-премъер Бақытжан Сағынтаев бастаған үкіметті отставкаға жіберді. Жаңа үкіметті бұрынғы бірінші вице-премьер Мамин басқарды.
Ақордадағы көп балалы ана: біз балаларымыздың балалық шағының жарқын болуын қамтамасыз еткіміз келеді
